Разработка сайта AngryCode

KFC

KFC (1991 жылға дейін — Kentucky Fried Chicken — «Кентуккиден қуырылған балапан») — тауық етінен дайындалған тағамдарға маманданған халықаралық қоғамдық тамақтану желісі. Компанияның бас кеңсесі АҚШ-тың Кентукки штатындағы Луисвилл қаласында орналасқан. KFC кәсіпкер Харланд Сандерс негізін қалаған. Ол Ұлы депрессия кезінде қуырылған тауық тағамдарын сата бастаған. Сандерс франшиза әлеуетін байқап, басқа штаттарда лицензия сата бастады. Кентуккиден тыс алғашқы мейрамхана 1952 жылы Юта штатында ашылды. KFC-нің арқасында тауық еті фастфуд мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналып, бургерге бәсекелес болды. Сандерс, яғни «полковник», АҚШ мәдениетінің маңызды тұлғасына айналды. Оның бейнесі әлі күнге дейін KFC жарнамаларында қолданылады.